Оқырман таңдауы - 60,1 пайыз: қазақ тіліндегі кітаптарға сұраныс артып келе ме?
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Иранда Әли Хаменеймен жеті күндік қоштасу рәсімі басталды

Иранда Әли Хаменеймен жеті күндік қоштасу рәсімі басталды
REUTERS/Mohammed Salem

Иранда бұрынғы Жоғарғы көсем аятолла Әли Хаменеимен қоштасу рәсімі басталды. 3 шілде күні оның мәйіті салынған табыт Тегерандағы "Имам Хомейни Мусалла" орталық мешітіне жеткізілді, деп хабарлайды kznews.kz.

Жұма күні марқұммен қоштасу мүмкіндігі алдымен жоғары лауазымды тұлғаларға, ресми делегацияларға және шетелден келген мәртебелі қонақтарға берілді.

Тегерандағы ең ірі діни кешеннің төріне бес табыт қойылған. Әли Хаменеидің сүйегі салынған табыт жоғарырақ орналастырылған, ал оның туыстарының мәйіттері қасына қойылды. Ақпан айының соңында Тегерандағы резиденцияға жасалған әуе соққысы кезінде Хаменеимен бірге оның қызы, күйеу баласы және немере қызы қаза тапқаны айтылды. Табыттардың барлығы Иран туымен жабылған.

Азалы рәсімге әлемнің 30-дан астам елінен ресми мемлекеттік делегациялар келген. Сондай-ақ 90-нан аса елден діни қайраткерлер мен ғалымдар қатысып жатыр.

Әли Хаменеимен қоштасу рәсімі жеті күнге жалғасады. Негізгі шаралар 4 шілдеде басталмақ. Сенбі күні қарапайым халық үшін Мусалла мешітінің есігі ашылады. Діни кешендегі қоштасу рәсімі екі күнге созылады.

6 шілдеде Тегеранның орталық көшелерінде ауқымды аза тұту шеруі өтеді деп жоспарланған.

7 шілдеде жаназа рәсімі Иранның діни орталығы саналатын Құм қаласында жалғасады. Ал 8 шілдеде мәйіт Наджаф пен Кербала қалаларына жеткізіледі.

Әли Хаменеиді 9 шілде күні жерлеу жоспарланған. Ақтық сапарға шығарып салу рәсімі оның туған қаласы Мешхедте өтеді. Марқұм Имам Реза кесенесінің аумағына жерленеді. Мешхедтегі діни рәсімге 10 миллионға дейін адам жиналуы мүмкін екені айтылып отыр.

Әли Хаменеи Иранды 36 жылдан астам уақыт басқарды. Ол 1989 жылдың маусымында билікке келген. Рухани көсемнің билігі 2026 жылғы 28 ақпанда аяқталды. Сол күні АҚШ пен Израиль күштері Тегерандағы резиденцияға әуеден соққы жасап, 86 жастағы аятолла қаза тапқан.

Автор
Қайсар Қанат

Журналист. Блогер. Фрилансер