Иранда Моссад барлау қызметімен байланысы бар деп айыпталған ер адам өлім жазасына кесілді, деп хабарлайды kznews.kz.
Иранның сот жүйесіне жақын Mizan агенттігі таратқан ақпаратқа сәйкес, Сұлтан Әли Ширазади Фахр есімді азамат эмиграциядағы оппозициялық топтармен байланыста болды және Израиль барлауымен ынтымақтасқан деген күдікке ілінген.
Иран билігінің мәліметінше, ол Моджахедин-э Хальк ұйымымен де байланыста болған.
Сот үкімі Иранның Жоғарғы соты тарапынан бекітіліп, кейіннен толықтай орындалғаны хабарланды.