АҚШ президенті Дональд Трамп Иранмен келіссөз жүргізу ниеті жоқ екенін мәлімдеді. Оның айтуынша, соғыс тек Иранда әскер де, басшылық та қалмаған кезде ғана аяқталуы мүмкін. Бұл туралы Reuters агенттігі хабарлады.
"Бір сәтте "біз берілдік" деп айтатын ешкім де қалмауы мүмкін", – деді Трамп Air Force One ұшағында журналистермен сөйлесу кезінде.
Қақтығыс екінші аптаға жалғасты. Израиль Иран аумағындағы нысандарға жаңа соққылар жасап, зымыран кешендері мен әскери басқару орталықтарын нысанаға алған.
Тегеранда бірнеше қуатты жарылыс болғаны хабарланды. Сонымен қатар елдің үш аймағындағы, оның ішінде астананың батысындағы Карадж қаласындағы жанармай қоймалары да соққыға ұшыраған.
Иранның БҰҰ-дағы елшісінің мәліметінше, АҚШ пен Израильдің шабуылдары салдарынан кемінде 1332 бейбіт тұрғын қаза тапқан, ал мыңдаған адам жараланған.