Каспийдегі love story: Маңғыстаулық жас жұбайлар референдумға катермен келді
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

"Иран толық талқандалды": Трамптың мәлімдемесі әлемді дүр сілкіндірді

"Иран толық талқандалды": Трамптың мәлімдемесі әлемді дүр сілкіндірді
Pool/Getty Images. Суретте: Дональд Трамп

АҚШ президенті Дональд Трамп Америка Құрама Штаттары Иранды әскери және экономикалық бағытта толық әлсіреткенін мәлімдеді. Ол сондай-ақ Ормуз бұғазы арқылы мұнай тасымалдайтын елдерді осы стратегиялық теңіз жолының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге шақырды, деп хабарлайды kznews.kz.

Бұл туралы Трамп 14 наурыз күні Truth Social әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазды.

АҚШ басшысының айтуынша, Вашингтон Иранның әскери әлеуетін айтарлықтай әлсіреткен. Соған қарамастан, Тегеран әлі де белгілі бір деңгейде қауіп төндіруі мүмкін екенін ескертті.

"АҚШ Иранды әскери, экономикалық және басқа да бағыттарда толық әлсіретті. Дегенмен Ормуз бұғазы арқылы мұнай алатын елдер бұл маңызды теңіз өткелінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуі тиіс. Біз оларға қолдау көрсетуге дайынбыз", – деді Дональд Трамп.

Президенттің сөзінше, АҚШ бұл мәселеде халықаралық серіктестермен бірлесіп әрекет етпек. Оның айтуынша, барлық шаралар жылдам, үйлесімді әрі тиімді түрде жүзеге асырылуы қажет.

Трамптың пікірінше, қауіпсіздік мәселесі ортақ жауапкершілікке негізделуі тиіс.

"Бұл әрдайым ортақ күш-жігердің нәтижесі болуы керек еді. Енді солай болады деп сенемін. Мұндай әрекеттер әлемде тұрақтылықты, қауіпсіздікті және ұзақ мерзімді бейбітшілікті қамтамасыз етуге мүмкіндік береді", – деді ол.

Сонымен қатар АҚШ президенті бұған дейін Иранның әскери әлеуеті "100 пайызға жуық жойылғанын" мәлімдеген. Алайда оның айтуынша, Тегеран әлі де шағын шабуылдар жасауға қабілетті болуы мүмкін. Мәселен, дрон ұшыру, теңіз миналарын орналастыру немесе қысқа қашықтықтағы зымырандарды қолдану қаупі сақталып отыр.

Трамп сондай-ақ Қытай, Франция, Жапония, Оңтүстік Корея және Ұлыбритания сияқты елдер Ормуз бұғазының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін аймаққа әскери немесе күзет кемелерін жіберуі мүмкін деген үміт білдірді.

Автор
Қайсар Қанат

Журналист. Блогер. Фрилансер