Усть-Лугадағы жаппай төбелес: үш қазақстандық тергеуде қалып отыр
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Иран Ормуз бұғазынан өтетін кемелерге ерекше ереже енгізгелі жатыр

Иран Ормуз бұғазынан өтетін кемелерге ерекше ереже енгізгелі жатыр
Sahar AL ATTAR / AFP via Getty Images. Суретте: Ормуз бұғазы

Иран Ормуз бұғазында жаңа тәртіп енгізуді жоспарлап отыр, деп хабарлайды kznews.kz.

Басылым мәліметінше, ел парламенті бұғазда қауіпсіздікті өзі қамтамасыз етіп, кемелерден өту үшін арнайы төлем алуды көздеп отыр.

Бұл туралы парламенттің ұлттық қауіпсіздік және сыртқы саясат жөніндегі комиссия мүшесі Алаоддин Боруджерди мәлімдеген.

Оның сөзінше, жаңа тәртіп бойынша Ормуз бұғазында ерекше режим орнатылады. Яғни, Иранның рұқсатынсыз кемелерге бұғаздан өтуге мүмкіндік берілмейді.

Сондай-ақ ел билігі кемелердің қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, осы қызмет үшін төлем алуды жоспарлап отыр.

Автор
Қайсар Қанат

Журналист. Блогер. Фрилансер