Иранның Ислам революциясы сақшылары корпусы (ИРСК) Кувейт пен Бахрейндегі АҚШ нысандарына соққы жасағанын мәлімдеді. Иран тарапы бұл әрекетті Кешм аралы маңындағы мұнай танкері мен телекоммуникациялық мұнараға жасалған шабуылдарға жауап деп атады, деп хабарлайды kznews.kz.
Tasnim агенттігінің хабарлауынша, шабуыл кезінде АҚШ Әскери-теңіз күштерінің Бесінші флоты орналасқан нысандарға ракета мен дрондар қолданылған. Кейін ИРСК америкалық «Panaya» мұнай танкеріне де соққы берілгенін хабарлады.
Ал АҚШ Орталық қолбасшылығы (CENTCOM) шабуылдардың мақсатына жетпегенін, бірнеше дронның әуе қорғанысы жүйелері арқылы жойылғанын мәлімдеді.
Кувейт Қорғаныс министрлігі ирандық дрондардың халықаралық әуежайдың T1 терминалына соққы жасағанын растады. Салдарынан ғимарат зақымданып, бірнеше адам жараланған. Reuters дерегінше, кемінде бір адам қаза тапқан. Әуежай жұмысы уақытша тоқтатылып, кейін қауіпсіздік шараларынан соң әуе қатынасы біртіндеп қалпына келтірілді.
Кувейт билігі қарулы күштердің толық дайындық режиміне көшкенін хабарлады.