WhatsApp-та марқұм Аяжан Еділованың соңғы аудио хабарламалары пайда болды. Онда не айтылғанын төмендегі видеодан қарай аласыз.
Бір айта кетерлік жайт, видео әлеуметтік желіге 31 наурыз күні жүктелген.
https://youtu.be/QUUfcA1S-Gc
«Мен бір жаңағы адаммен сөйлестім. Енді таргет дұрыс болмағаннан кейін, сондықтан біз бартер жасағымыз келеді. Мен оған айтамын: пост, екі тик-ток, бір деп айтамын. Дұрыс па?» - дейді Аяжан осы аудиожазбада.
Ол бұл аудионы 21.55-те WhatsApp-қа жазғаны белгілі болды, бірақ қай күні белгісіз.
Еске салайық , студент 19 наурызда жоғалып кеткен. Оны іздеуге еріктілер мен полиция қосылды. 21 наурызда БАҚ қыздың өлі күйінде табылғанын хабарлады. Кейіннен жәбірленушінің туыстары оның денесі бөлшектелген деп хабарлады.