Айбек Смадияров Президенттің кеңесшісі – Баспасөз хатшысы болды
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Инфекция жұқтырған тағы 18 оқиға расталды

Инфекция жұқтырған тағы 18 оқиға расталды

Қазақстанның 4 облысы мен 1 қаласында тағы 18 адамның коронавирус инфекциясын жұқтырғаны анықталды

НҰР-СҰЛТАН, 5 сәуір – Sputnik. Инфекция жұқтырудың 18 оқиғасы анықталды. Анализдің 5 жағдайы Алматы қаласында оң нәтиже көрсетсе, қалған 13-і республикамыздың төрт облысында расталды, деп хабарлады coronavirus2020.kz.

"Түскі сағат 14:05 уақыты бойнынша Қазақстанның 4 облысы мен 1 қаласында тағы 18 адамның коронавирус инфекциясын жұқтырғаны анықталды. Оның 5-і Алматы қаласында, 4-і Түркістан облысында, 3-і Ақмола облысында, 1-і Атырау облысында және 1-і Қызылорда облысында тіркелді" – делінген баспасөз хабарламасында.

Қазірге дейін Нұр-Сұлтан қаласы бойынша - 219 адам, Алматы қаласында – 115 адам, Қарағанды облысында - 31 адам, Ақмола облысында - 23 адам, Атырау облысы - 23 адам, Жамбыл облысында - 28 адам, Шымкент қаласында - 13 адам, Шығыс Қазақстан облысында - 5 адам, Алматы облысында - 10 адам, Ақтөбе облысында - 10 адам, Солтүстік Қазақстан облысында - 25 адам, Павлодар облысында - 1 адам, Маңғыстау облысында - 3 адам, Қызылорда облысында - 31 адам, Батыс Қазақстан облысында - 2 адам, Түркістан облысында - 29 адам, Қостанай облысында - 1 адам, жалпы 569 науқас тіркелді.


sputniknews.kz
Автор
Еркебұлан