Президент қазақстандықтарды Отбасы күнімен құттықтады
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Индонезия жағалауында 240 жолаушысы бар кеме жоғалып кетті

Индонезия жағалауында 240 жолаушысы бар кеме жоғалып кетті
Фото: ашық дереккөз

Индонезияда шамамен 240 адам мінген жолаушылар кемесі Ява теңізінде байланысқа шықпай қалды. Кеме қолайсыз ауа райына тап болған, деп хабарлайды Синьхуа.

Бұл туралы жексенбі күні Оңтүстік Калимантан провинциясының іздеу-құтқару қызметі хабарлады.

Ведомство мәліметінше, кеме Шығыс Ява провинциясындағы Сурабая қаласынан Оңтүстік Калимантандағы Банджармасинге бағыт алған. Кеменің соңғы орналасқан жері Банджармасиндегі іздеу-құтқару станциясының айлағынан шамамен 80 теңіз милі қашықтықта тіркелген.

Аталған ауданға іздеу-құтқару кемесі жіберілді. Алдын ала мәлімет бойынша, жоғалған кеме қолайсыз ауа райына тап болғаннан кейін онымен байланыс үзілген.

Қазіргі уақытта зардап шеккендер немесе қаза тапқандар туралы ақпарат жоқ.

Бұған дейін Қытайда жүк кемесінде өрт шығып, 25 адам қаза тапқаны хабарланған.

Сондай-ақ Филиппин жағалауында жолаушылар паромында болған өрттен қаза тапқандар саны 76 адамға жеткеніхабарланған.



https://kaz.inform.kz/news/indoneziya-zhagalauinda-240-zholaushisi-bar-keme-zhogalip-kett-a776e6b5

Автор
Айгерім Асылова

Айгерім Асылова – Kznews.kz сайтының тілшісі. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі, республикалық порталдарда жұмыс тәжірибесі бар журналист.