Әлеуметтік желіде Алматы әуежайында түсірілген видео қызу талқыға түсті. Кадрлардан әнші Индира Елемес пен “Кисло-Сладкий” лақап атымен танылған рэпер Дархан Жұмабекті бірге көруге болады, деп хабарлайды kznews.kz..
Бейнежазбада қос өнер иесі бір-бірімен құшақтасып тұрғаны байқалады. Видео желі қолданушылары арасында түрлі пікір туғызды. Кейбір оқырмандар өз көзқарасын ашық білдіріп, жазба астына әртүрлі пікір қалдырған.
Айта кетейік, рэпер Дархан Жұмабек көпшілікке «Пиридай привет» әні арқылы танымал.