KZNEWS.KZ
Жаңалықтар

ІІМ-нің орынбасары қызметінен босатылды

• Айжан Сыланова
Фото: time.kz

Мемлекет басшысының өкімімен Игорь Лепеха Ішкі істер министрінің орынбасары қызметінен босатылды, деп хабарлайды kznews.kz.

Қызметтік жолында Қарағанды қаласы мен облысының ішкі істер органдарында, сондай-ақ ІІМ Әкімшілік полиция комитетінде басшылық қызметтер атқарған. 2020–2022 жылдары Ішкі істер министрлігі аппаратының басшысы болған.
 

Игорь Лепеха 1962 жылы 20 қарашада Қарағанды облысының Осакаровка кентінде дүниеге келген. Еңбек жолын 1986 жылы Теміртау қаласының ішкі істер органдарында бастаған. Кейін Қарағанды қаласы мен облысында түрлі басшылық лауазымдарда қызмет етіп, 2005 жылы облыстық ішкі істер департаменті бастығының орынбасары қызметіне дейін көтерілген.

2009 жылы Ішкі істер министрлігінің орталық аппаратына ауысып, 2011 жылдан бастап Әкімшілік полиция комитетін басқарған. 2020 жылы министрлік аппаратының басшысы болып тағайындалып, екі жылдан кейін вице-министр қызметіне келген. 2023 жылы оған полиция генерал-лейтенанты арнайы атағы берілген.

Айжан Сыланова
2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.
Автордың басқа материалдары →