"20 млн теңгеден сәл асады": Энергетика министрі табысы қанша екенін айтты
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

ІІМ "банда полицейлердің" видеосын тексеріп жатыр

ІІМ "банда полицейлердің" видеосын тексеріп жатыр

Қазақстан ішкі істер министрлігінің хабарлауынша, интернетте тараған полиция формасындағы адамның жаңа жылдық құттықтауы Қарағандыдағы ІІМ академиясында түсірілген.

Министрлік видеоны академияның бірінші курс жетекшісінің орынбасары түсіргенін анықтаған. Қазір осы видеоға қатысты қызметтік тексеру жүріп жатыр.

"Тексеруден кейін видеоны түсірген қызметкер мен оның жетекшілері қатаң жазаланады. Жұмыстан шығару жағы да қарастырылуы мүмкін" деді ІІМ өкілі Алмас Садубаев.

31 желтоқсанда интернетте полиция формасындағы ер адамның жаңа жылдық құттықтауы тараған. Видеода ер адам басқа полицейлерді мерекесімен құттықтай келе "тамыр-таныстығымыздың көмегі шөберелерімізге де тисін... Біз - братвамыз, ашығын айтқанда - бандамыз" дейді. Кейін полиция формасындағы ондаған адам "Ура" деп айғайлайды.

Бұл видео соңғы күндері әлеуметтік желіде көп талқыланып, сынға ұшырады.

Дереккөз: Азаттық
Автор
Бауыржан