Қоғам

“Хутор” бригадасының басшысы деп танылған Хасан Қасымбаевтың соты болатын күн белгіленді

“Хутор” бригадасының басшысы деп танылған Хасан Қасымбаевтың соты болатын күн белгіленді

«Хутор бригадасының» басшысы ретінде танылған Қасымбаев 2024 жылдың 5 қарашасында қамауға алынған. Полиция мәліметінше, ол 2021 жылдың маусымында Талғарда аралас жекпе-жек жаттықтырушысын топпен ұрлап, соққыға жыққан іске қатысы бар болуы мүмкін.

Қасымбаевқа бұған дейін адам ұрлау, денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру және қорқытып ақша бопсалау фактілері бойынша тергеу жүргізілген. Алайда жәбірленуші Әлішер Әлішевтің адвокатының айтуынша, оған қылмыстық топ құру және оны басқару бабымен айып тағылмаған.

Сондай-ақ бұл іс бойынша тағы бір жәбірленушінің пайда болғаны хабарланған.

Айта кетейік, Хасан Қасымбаевтың аты бұған дейін Талғарда болған Шерзат Болаттың (Полаттың) резонанстық өліміне байланысты да аталған еді.

Ұқсас материалдар

Барлығы
KZNews.kz