Алаяқтар «Қазақмысқа» жұмысқа орналастырамын деп 16 млн теңге жинап алған
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Хаменова тойға баруға рұқсат алған - Бас прокуратура

Хаменова тойға баруға рұқсат алған - Бас прокуратура
Фото: әлеуметтік желіден

“Бақытгүл Хаменоваға қатысты үш жыл мерзімге жазаны өтеуді кейінге қалдыру туралы шарт қолданылған. Бұл жағдайда оған той немесе басқа да қоғамдық шараларға баруға тыйым салынбайды. Ол пробация қызметінен рұқсат алған”, – деді Ғалымжан Қойгелдиев Сенат дәлізінде журналистердің сұрағына жауап бере отырып.

Ол сондай-ақ, заң бойынша жазасын өтеуді кейінге қалдыру шартында жүрген азаматтардың белгілі бір шектеулерге бағынатынын, алайда олар толықтай оқшауланбайтынын атап өтті.

“Мұндай жағдайда адам қоғамнан толық бөлінбейді. Тек сот белгілеген талаптар мен пробация бақылауын орындауы қажет. Егер ол талаптарды бұзса, кейінге қалдыру шешімі жойылып, үкім заңды күшіне енеді”, – деді Бас прокурордың орынбасары.

Автор
Айжан Сыланова

2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.