Қысқа сілтеме алу
Алан Әжібаев басқа қызметке ауысуына байланысты "Хабар" агенттігіне жаңа басшы келді
НҰР-СҰЛТАН, 20 тамыз – Sputnik. "Хабар" агентігінің жаңа басшысы болып Ерлан Бекқожин тағайындалды.
"Хабар" Агенттігі" АҚ басқарма төрағасы қызметіне Ерлан Бекқожин тағайындалды", - деп жазылған агенттіктің Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасында.
Ол осыған дейін Қазақстан Республикасы президенті телерадиокешенін басқарды.
Ерлан Бекқожин 1963 жылы дүниеге келген. Қазақ радиосында "Панорама дня" ақпараттық бағдарламасын жүргізді, сондай-ақ "Жеті күні" бағдарламасының авторы және жүргізушісі болды.
© Sputnik / Болат Шайхинов
Ерлан Бекқожин
"Айқын" және "Литер" республикалық газеттерінің негізін қалаушы-меншік иесі, баспагер (2003-2009).
Ал 2009 жылы "Қазақстан Республикасы президентінің телерадиокешені" коммерциялық емес акционерлік қоғамының бас директоры болып тағайындалды.
sputniknews.kz