KZNews.kz
Білім

Гүлдер балабақшадағы ашық сабақтар

KZNEWS

Оқу қызметін  ұйымдастырудың технологиялық картасы

12 "Гүлдер " ересек топқа арналған

Күні, айы, жылы: 04.01.13ж.

Білім беру саласы: Шығармашылық

Бөлімі: Жапсыру

Тақырыбы: Гүлдер.

Мақсаты: Гүлдер туралы түсініктерін дамыту, қалыптастыру. Табиғат туралы түсінік беру. Бірлесіп, ұжыммен жұмыс істеп отырып шығармашылыққа тәрбиелеу.

Сөздік жұмыс: орман, ағаштар, гүлдер т.б.

Көрнекілік:гүлдерге байланысты суреттер т.б.

Әдіс-тәсілдер: Түсіндіру, әңгімелеу, сұрақ-жауап.

Әрекет кезеңдері

        Тәрбиешінің  іс -әрекеті

Балалардың іс -әрекеті

Ұйымдастырушы-оятушылық кезеңі

Шаттық шеңбер.

Армысың асыл күн,

Армысың ашық аспан,

Армысың достарым,

Сендерді көрсем қуанам.

Балалармен бірге шеңберге

тұрып, өлең шумақтарына сәйкес

қимыл - қозғалыстар жасау.

Ұйымдастырушы ізденушілік кезеңі

 - Балалар бізде қазір қандай сабақ?

- Балалар біз бүгін жапсыру сабағында гүлдерді жапсыру арқылы жапсырамыз.

- Балалар орман деген не?

- Ал, орман нелерден құралған?

- Қандай гүлдердің аттарын білесіңдер?

- Ал, біз гүлдерді кімдерге сыйлаймыз?

- Балалар гүлдерді аяқпен басуға болама?

- Ал, олады жұлуға болама?

- Гүлдерге біз не құйсақ өседі?

- Дұрыс айтасыңдар балалар.

- Бізде қазір жапсыру сабағы.

- Балалар мұқият тындайды.

- Орман ол сұлу табиғат, ауасы таза.

- Орман ағаштардан, гүлдерден құралған.

- Қызғалдақ, раушан, түймедақ, қоңырау гүлі, жауқазын т.б.

- Біз гүлдерді анамыз бен әжемізге, әпкелерімізге сыйлаймыз.

- Гүлдерді аяқпен басуға болмайды, жұлуға болмайды.

- Гүлдерге біз су құйсақ өседі.

Рефлекстік түзету кезеңі

Қорытындылау

Өзін-өзі бағалау

 Сергіту сәті:

Жел еседі бетімізге,

Тербеледі ағаштар.

Кіп-кішкентай бұтақтар,

Үп-үлкен боп өседі.

- «Жапырақтардың өз ағашын тап!?» ойыны.

 Балалармен бірге қимыл-

қозғалыстарды жасау.  

Ойын ережесін бұзбай ойнау.

Күтілетін нәтиже: Зейіндерін қойып тындау.

Білу керек: Орман, гүлдер туралы біледі.

Түсінігі: Гүлдерді аяқпен басуға, жұлуға болмайтынын түсінді.

Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: Жапсыру сабағында ұқыпты, таза, бірлесіп, ұжым болып жұмыс істеуді меңгерді.

Тәрбиешінің аты, тегі: Гүлайым Аубакирқызы.

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!


Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

KZNEWS
Автордың басқа материалдары