KZNEWS.KZ
Білім

Грант конкурсына құжат қабылдау уақыты жарияланды

• Жарқын Омаров
Фото: shutterstock

Ұлттық тестілеу орталығы білім гранттары конкурсына құжат қабылдау мерзімдерін жариялады, деп хабарлайды kznews.kz.

Грант конкурсына 13-20 шілде аралығында құжаттар қабылданады.

Құжаттарды жоғары оқу орындарының қабылдау комиссиялары арқылы офлайн (виртуалды қабылдау комиссиялары арқылы онлайн) немесе eGov арқылы онлайн тапсыруға болады.

Грант конкурсына қатысу үшін мына құжаттар: жеке куәлік;
ҰБТ сертификаты;
3х4 көлеміндегі фото;
орта білім туралы аттестат немесе колледж түлектері үшін диплом;
жеңілдетілген санат бойынша конкурсқа қатысу үшін растайтын құжаттар;
B167 «Ұшу аппараттарын және қозғалтқыштарды ұшырып пайдалану» мамандығы үшін дәрігерлік ұшу-сараптамалық комиссиясының медициналық куәландыруы керек.

Қосымша ақпарат бойынша ЖОО-лардың қабылдау комиссияларына хабарласуға болады.

Жарқын Омаров
C.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің Журналистика факультетінің түлегі. Журналистика саласында 20 жылдан бері еңбек етіп келеді. Салал...
Автордың басқа материалдары →