Головкин IBF рейтингінде үздік ондыққа қайта кірді
12.12.2018
15:38
0
2
Халықаралық бокс федерациясы (IBF) барлық салмақ дәрежесі өкілдерінің ай сайынғы рейтингінің жаңартылған нұсқасын жариялады.
Әлем чемпионы американдық Дэниел Джейкобс болған орташа салмақта бірінші орын бос қалды. Екінші орында эквадор-неміс боксшысы Джек Кулкай, украиналық Сергей Деревянченко үшінші орынға көтерілді. Өткен айда 11-ші орынды иеленген қазақстандық бұрынғы әлем чемпионы Геннадий Головкин 10-шы орынға көтерілді.
Еске салайық, IBF осы көктемде GGG-ден Деревянченкомен міндетті айқасты өткізуден бас тартқаны үшін чемпиондық белбеуін алып қойды. Титул бос деп жарияланып, ол үшін Деревянченко мен Джейкобс айқасты. Бұл жекпе-жекте АҚШ өкілі жеңіске жеткен болатын.
(0)
Бұл жерде әлі ештеңе жоқ