Алаяқтар «Қазақмысқа» жұмысқа орналастырамын деп 16 млн теңге жинап алған
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Германия Қазақстанға экс-прокурор Дүйсеновті экстрадициялаудан бас тартты

Германия Қазақстанға экс-прокурор Дүйсеновті экстрадициялаудан бас тартты
Фотоиллюстрация: Kznews

Германия соты Қазақстан тергеуінен жасырынып жүрген бұрынғы прокурор Мақсат Дүйсеновті босатты. Бұл туралы AGRA құқық қорғау ұйымы жазды, деп хабарлайды kznews.kz.

Сот Дүйсеновке қатысты қылмыстық қудалау саяси сипатта болуы мүмкін деген қорытындыға келген. Қазіргі уақытта ол бостандықта. AGRA мәліметінше, Қазақстанның оны экстрадициялау жөніндегі ресми сұранысы кері қайтарылған.

Бұған дейін экс-прокурор Германиядан саяси баспана сұрап өтініш берген. Оны экстрадициялауға негіз болған қылмыстық іс бойынша Дүйсенов 22 миллион доллар көлемінде пара алды, қылмыстық жолмен алынған табысты заңдастырды және алаяқтық жасады деп айыпталған.

Қорғау тарапының мәліметінше, іс қоғамда кең резонанс тудырып, тергеу және сот процесі сыртқы қысыммен қатар жүрген.

Қазақстан билігі болса экс-прокурорды экстрадициялау мәселесін алдағы уақытта қайта көтере ме, әзірге белгісіз.

Айта кетейік, Мақсат Дүйсенов Германияда Интерполдың сұрауы негізінде ұсталған болатын. Ол Қазақстанда «Қорғас ісі» деп аталған резонансты тергеу басталғаннан кейін елден кеткен. Бұл істе ол негізгі куәгерлердің бірі саналады.

Дүйсенов Кайрат Қожамжаровтың командасымен тығыз байланыста болған. Қожамжаровқа қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланды және қылмыстық жолмен алынған қаражатты заңдастырды деген айыптар тағылған. Оның басшылығы кезінде Дүйсенов маңызды қызметтер атқарып, бірқатар резонансты істерді жүргізуге қатысқан.

Автор
Асқар Алтайұлы

Kznews.kz сайтының Бас редакторы. ҚазҰУ Журналистика факультетінің түлегі. Медиаменеджер. БАҚ саласында 22 жылдық тәжірибесі бар. Кәсіби блогер.