Жантілек Нұртілепұлы «Qazaqstan Barysy – 2026» жеңімпазы атанды
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Геннадий Головкин украиналық "Миротворец" сайтының базасына енгізілді

Геннадий Головкин украиналық "Миротворец" сайтының базасына енгізілді
Геннадий Головкин. Фото: By Ben McShane/Sportsfile via Getty Image

World Boxing ұйымының президенті әрі Қазақстан Ұлттық олимпиада комитетінің басшысы Геннадий Головкин украиналық "Миротворец" сайтының деректер базасына енгізілді, деп хабарлайды kznews.kz.

Сайтта қазақстандық боксшы туралы жазба 15 тамызда жарияланған. Онда Головкиннің базаға енгізілуіне World Boxing ұйымының ресейлік спортшыларға қатысты шектеулерді алып тастау туралы шешімі себеп болғаны көрсетілген.

Бұл шешімнен кейін Ресей спортшылары халықаралық жарыстарда өз елінің туы мен басқа да ұлттық рәміздерін пайдаланып өнер көрсету мүмкіндігіне ие болды.

ТАСС мәліметінше, "Миротворец" сайты 2014 жылы құрылған. Онда Қырымға немесе Донбасқа барған, сондай-ақ ресурс авторлары Украина қауіпсіздігіне қатер төндіреді деп есептейтін журналистер, әртістер, саясаткерлер және басқа да тұлғалар туралы мәліметтер жарияланып келеді.

Еске сала кетейік, 2025 жылғы қарашада Римде өткен World Boxing конгресінде Геннадий Головкин ұйым президенті болып сайланған еді.

Автор
Қайсар Қанат

Журналист. Блогер. Фрилансер