KZNEWS.KZ
Саясат

Геннадий Головкин: Азаматтардың маңызды шешімдерге қатысуы өте маңызды

• Айжан Сыланова
Фото: pressmfa.kz

Қазақстан Республикасы Ұлттық Олимпиада комитетінің президенті, Геннадий Головкин Таиландтағы Қазақстан елшілігі жанындағы референдум учаскесінде дауыс берді. Ол Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясын қабылдау мәселесіне арналған республикалық референдумға қатысқан, деп хабарлайды kznews.kz.

Қазіргі уақытта Головкин Бангкок қаласында жүр. Ол мұнда World Boxing Futures Cup 2026 халықаралық турниріне қатысу үшін барған.

Спорт қайраткері ел азаматтарының мемлекет үшін маңызды шешімдер қабылдау ісіне белсенді қатысуы аса маңызды екенін атап өтті. Оның айтуынша, республикалық референдум – елдің болашақ дамуы мен мемлекеттілікті нығайтуға ықпал ететін маңызды саяси тетік.

Айжан Сыланова
2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.
Автордың басқа материалдары →