"Алматыда самсадан чип шықты" – дәмхана иелері "цифрландырудан" хабарсыз
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

"Ғарышқа алып кеттім": Тоқтар Әубәкіров ел естімеген жайтты ашып айтты (ВИДЕО)

"Ғарышқа алып кеттім": Тоқтар Әубәкіров ел естімеген жайтты ашып айтты (ВИДЕО)
ашық дереккөзден

"Қайырлы кеш" бағдарламасына сұхбат берген Тоқтар Әубәкіров көпшілік біле бермейтін қызықты жайттарын бөлісті, деп хабарлайды kznews.kz.

Ғарышкердің айтуынша, ол ғарышқа сапар шеккенде өзімен бірге ерекше мәні бар бірнеше затты ала барған.

"Мен өзіммен бірнеше заттар алып кеткен едім. Бірінші құран сүрелерін, сосын Қорқыт атамыздың жатқан жерінен топырақ алдым. Арнайы қапшық жасатып, соған сол топырақтан салып алдым. Ешкімге айтпай, өз әйелімнің карточкасын алып кеттім. Кейін оралған соң әйеліме "Таня, сен де ғарышта болдың" дедім. Ол "қалайша" деп түсінбеді. Мен оған карточканы көрсеттім. Сенің карточкаңда "Ғарыш кемесі" деген мөр басылған", – дейді Тоқтар Әубәкіров. 

Айта кетейік, Тоқтар Әубәкіров – қазақтан шыққан тұңғыш ғарышкер. Ол 1991 жылдың 2 қазанында Союз ТМ-13 ғарыш кемесімен ұшып, орбитада шамамен 8 тәулік бойы ғылыми тәжірибелер жүргізген. Ол Кеңес Одағы тарихындағы 72-ғарышкер әрі тәуелсіз Қазақстанның алғашқы ғарышкері ретінде танымал.

Автор
Қайсар Қанат

Журналист. Блогер. Фрилансер