Қазақстанның облыс әкімдерінің рейтингі жарияланды: көш басында кім тұр?
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Ғалымдар жылдам салмақ тастауға не көмектесетінін айтты

Ғалымдар жылдам салмақ тастауға не көмектесетінін айтты

Ғалымдар зерттеу барысында сынақтан өткен адамдарға тамақтану немесе жаттығу жасау бойынша ешқандай ұсыныс бермеді


АҚШ ғалымдары күнделікті салмақты өлшеу арықтауға көмектесетінін дәлелдеді, деп хабарлайды РИА Новости EurekAlert порталына сілтеме жасай отырып.

Зерттеуге мыңнан астам адам қатысты. Ғалымдар бір жыл бойы еріктілер қаншалықты жиі салмақ өлшегенін, сондай-ақ олардың салмағындағы өзгерістерді жазып отырды.

Қатысушылар арасында тұрақты өлшенгендер де, мұны өздігінен ешқашан жасамағандар да болды. Өлшену жиілігіне байланысты зерттеушілер сыналатын адамдарды бірнеше топқа бөлді.

Бір жыл ішінде аптасына бір реттен көп өлшенбегендер еш өзгеріссіз қалса, ал аптасына алты-жеті рет өлшенгендер салмақ тастағаны анықталды. Сонымен қатар зерттеу барысында ғалымдар сынақтан өткен адамдарға тамақтану немесе жаттығу жасау бойынша ешқандай ұсыныс бермеді.

Ғалымдардың пікірінше, зерттеудің нәтижесі дене салмағының өзгеруін өздігінен бақылау едәуір тиімді арықтауда негізгі рөл атқаратынын көрсетіп отыр.

Спутник

Автор
Бауыржан