Саясат

Ғабит Сыздықбеков әкім құзіретінің бір бөлігін блогерге берген бе

Ғабит Сыздықбеков әкім құзіретінің бір бөлігін блогерге берген бе
Видеодан алынған кадр

Осы сауал әлеуметтік желіде кешеден бері талқыланып жатыр. 

Барлық дау Астанадағы ОКҚ алаңында Шымның әкімі Ғабит Сыздықбековтің брифинг беруінен басталды. Мұқым журналист жиылған басқосуда Шымкенттен әкіммен бірге ілесе келген блогер Бақытжан Көпбаев ең бірінші сұрақ қоюға жазылып алып, Сыздықбековті пайғамбар деңгейіне бір-ақ көтерді. 

- Сізді бізге Алла жіберді, - дегенін солай ұқтық. 

Одан қалса, жиын соңында әкімге қосымша сауал қойғысы келген тілшілерге кедергі жасағанын дәлелдейтін бейнежазбасы желіде рильске шығып, шын мәнінде жағамызды ұстатып жатыр. Сол видеода ғой, әлгі блогеріміз "Сұрақты маған қойыңдар, әкімнің орнына мен жауап беремін" деп Ғабит Сыздықбековті журналистерден қызғыштай қоритыны. Осы тұста Шымның әкімінің де беті қызарып, ыңғайсыз күйге түскені де байқалады. 

Осындай оқиғалар қоғамның назарын өзіне аударып, көп талқылауға сеп болып тұр. Мәселен, журналист Мақсұт Айтжанов желідегі парақшасына былай деп жазған:

"Мына кісі “журналиспін” дейді ғой. Танисыздар ма? Мен білмейді екенмін. Біраз азаматтан сұрасам ол кісілерде танымайды. Біразы бір білсе қазақтың ұлыларын тұтас танитын Сәрсен Құранбек білуі керек деді. Сәкеңнен сұрайын десем ол кісі бізді блоктап тастапты. Хабарласа алмадым. Сөйтіп амалсыз осында жазуға тура келді. Ақыры бұл апта да брифинг бермедіңіз ғой, Сәке. Қолыңыз бос шығар. Мүмкін болса жауап беріңізші. 

“Әкімнің орнына жауап беретіндей бұл кісі кім?”, 

“Жылына бір болатын әкімнің брифингіне осы қойылымды сіздер ұйымдастырдыңыздар ма, ұйымдастырсаңыздар не үшін ұйымдастырдыңыздар?

Негізі, қазақта “Күлдіре білу – өнер, күле білу – өмір, күлкіге қалу – өлім”-деген, керемет сөз бар. Мен өзім бұрындары осы кісінің әрекеттеріне күлуші ем. Ең алғаш “біз қолтық батырмыз”-деп, күлдіріп еді. Ал, кешегі брифингте бұл кісілер әкімнің қолтығынан төмен төмен түсіп кеткенін көрсетіп күлкі болды. 

Басқа жақта білмейм, біздің ауылдың үлкендері жаманның жамандығын көргенде “көрқау көрқаулығын істемей қоймайды”-дейтін. Кеше жас кезімде естіген сол сөз тағы есіме түсті".

Біздің де айтпағымыз осы. 

Ұқсас материалдар

Барлығы

Жаңалықтар

Тағы жаңалық
KZNews.kz