Шоу-бизнес

Футболдан Ұлыбритания біріншілігінде 26 минутта 6 гол салынды - Футбол

Футболдан Ұлыбритания біріншілігінде 26 минутта 6 гол салынды - Футбол

"Борнмут" командасы Ұлыбритания чемпионатының 21-айналымында өз алаңында "Уотфордпен" тең ойнады, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Борнмуттегі "Виталити - Дин Корт" стадионында өткен ойын 3:3 есебімен аяқталды. Айта кететіні барлық гол бірінші таймда салынды.

Алаң иелері сапында Натан Аке (34-ші минут), Каллум Уилсон (37-ші) және Райан Фрейзер (40-шы) гол салды. Ал қонақтарда Трой Дини (14 және 27-ші минутта) дубль жасады, ал тағы бір допты Кен Сема 38-ші минутта салды.

29 ұпай жинаған "Уотфорд" премьер-лиганың турнирлік кестесінде сегізінші орында, ал "Борнмут" 27 ұпаймен 12-ші тұр.

Дереккөз: https://kaz.tengrinews.kz

Ұқсас материалдар

Барлығы
KZNews.kz