Желіде ШҚО әкімінің орынбасары Жақсылық Омардың ұсталғаны туралы ақпарат тарады
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Францияда жанармай салығы артпайтын болды

Францияда жанармай салығы артпайтын болды

Франция үкіметі жанармай салығын алдағы жылдары көтермейтін болды.

Франция президенті Эммануэль Макронның бұл ұсынысына Парламенттің төменгі палатасы қолдау білдірді. Енді салықты өсіруге 6 айға дейін шектеу енгізіліп, газ бен электр энергиясы бағасын өсіруге де уақытша тыйым салынады. Бірақ, сарылар бұл шешімге тағы да қарсылық білдіріп, наразылық шарасын өткізетінін айтты.

Францияда жанармай акцизін көтеруге қарсылық акциялары бірнеше аптаға жалғасқан. Өткен аптада шерудің соңы тәртіпсіздікке ұласып, 400-ден астам адам ұсталды. Оқиғадан соң Париждегі Салтанат қақпасы ауданында полиция жанармай салығын көбейтуге қарсылық білдіріп шеруге шыққан наразыларды тоқтату үшін пиротехникалық гранаттар қолданған. Франция үкіметінің ақпараты бойынша, жалпы ел көлемінде шеруге қатысушылардың саны 36 мың адамға жеткен. Ал Парижде шеруге бес жарым мың адам шыққан. Халық наразылығынан соң Франция премьер-министрі Эдуар Филип жанармай бағасының өсуіне байланысты мараторий жарияланатынын айтты.

"The Qazaq Times"

Автор
Жандос