Саяси сауалнама: тұрғындардың 87,8 пайызы елдің саяси даму бағытын қолдайды
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Euronews - қазақша: енді әлем аудиториясына жаңалықтар шыға бастайды

Euronews  - қазақша: енді әлем аудиториясына жаңалықтар шыға бастайды
Фото: скришот kznews

Euronews бұған дейін де Астанада өңірлік өкілдігін ашып, Қазақстан мен Орталық Азия туралы материалдарды жаһандық аудиторияға тұрақты түрде ұсынып отырған болатын, деп хабарлайды kznews.kz.

Енді қазақ тіліндегі контенттің іске қосылуы халықаралық ақпаратты мемлекеттік тілде таратудағы маңызды қадам ретінде бағалануда.

Жаңа форматта оқырмандар саясат, экономика, ғылым, технология, мәдениет, қоршаған орта және өзге де өзекті тақырыптар бойынша әлем жаңалықтарын қазақ тілінде тыңдап, оқи алады.

Бұл қазақтілді аудиторияның халықаралық ақпаратқа қолжетімділігін кеңейтіп, мемлекеттік тілдегі медиакеңістіктің дамуына серпін береді деген үміт бар.

Автор
Гүлжан Амангелдіқызы

журналист-жазушы. Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің түлегі. «Арай +» телеарнасында, «Қазақстан - Атырау» телеарнасында редактор, «Жетісу Университеті», «Нұрлы өлке» газеттерінде тілші және Baq.kz, Inbusiness.kz, El.kz ақпараттық порталдарында фрилансер болған.