Халықты жұмыспен қамту қағаз жүзінде ғана ма?
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Еурокомиссия басшысы Ресейдің банкрот болатынын айтты

Еурокомиссия басшысы Ресейдің банкрот болатынын айтты

Еуропа комиссиясының төрағасы Урсула фон дер Ляйен Батыс елдерінің Ресейге қарсы санкциялары әр апта сайын ел экономикасына терең дендеп жатқанын, соған орай дефолт тек уақыт еншісінде екенін айтты, деп хабарлайды kznews.kz сайты Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Урсула фон дер Ляйеннің айтуынша, Ресейде жүздеген ірі компания жұмысын тоқтатқан, ал ЖІӨ төмендеуі жақын арада 11 пайызға жетеді. Сондай-ақ, ол Еуроодақ санкциялары жеңіл деп санамайтынын айтты.

"Санкциялар апта сайын Ресей экономикасына терең дендеп жатыр. Ресейге тауар экспорты 70 пайызға төмендеді. Ресейлік 700 ұшақтың қосалқы бөлшектері мен бағдарламалық жасақтамасы жаңартылмауына байланысты лицензиясынан айырылды. Ресейдің мемлекеттік банкроттығы - тек уақыт мәселесі", - деді фон дер Ляйен Bild am Sonntag неміс газетіне берген сұхбатында.

Автор
KZNEWS

Қазақстан және әлем жаңалықтары