Инфляция индексі: үйдегі есепті базардағы баға бұзар...
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Еттің қымбаттауы соғым сойып, қазы тұздауға кедергі емес. Павлодар облысының әкімі жаңа жылды қалай қарсы алды?

Еттің қымбаттауы соғым сойып, қазы тұздауға кедергі емес. Павлодар облысының әкімі жаңа жылды қалай қарсы алды?
Instagram парақшадан

Жақында ғана әпкесі мас күйінде көлік жүргізіп, 15 тәулікке қамалып шыққан Павлодар облысының әкімі Асаин Байханов жаңа жылды «ет тұздап» бастады, деп хабарлайды Ulysmedia.

Асаин Байханов Threads желісіне суретін жариялап, сойылған соғым етін тұздап жатқанын жазды.

«2026 жылдың алғашқы кешін кім қалай өткізіп жатыр? Мен болсам соғымды реттеп, қазы тұздауға кірістім. Қатаң сынға алмаңыздар, інішектің түсіріп алған фотосы», – деп жазды.

Ұлттық статистика бюросы департаментінің желтоқсан айындағы дерегі бойынша, Павлодар облысында азық-түлік тауарлары тобында ет (ет өнімдерін қоса алғанда) 2,3%-ға, майлар мен тоң майлар – 0,9%-ға, кондитерлік өнімдер – 0,5%-ға, сүт өнімдері – 0,4%-ға, нан өнімдері мен жарма 0,2%-ға қымбаттаған.

Желтоқсанда Асаин Байхановтың әпкесі Айгүл Байханованың мас күйінде көлік жүргізгені үшін 15 тәулікке қамалғаны туралы айтылған болатын. Сол уақытта Асаин Байхановтың өзі Threads-те барлық азаматтар заң алдында тең деп жазба жариялаған.

Автор
Торғын Абушахман

Торғын Абушахман – Kznews.kz сайтының тілшісі. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі, республикалық порталдарда жұмыс тәжірибесі бар журналист.