7 трлн теңгенің жыры: Ұлттық банк төрағасының орынбасары Берік Шолпанқұлов қызметінен босатылды
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

"Ешкім ажырасамын деп үйленбейді": Танымал әнші Еркеш Хасен жеке өмірі жайлы алғаш рет айтты

"Ешкім ажырасамын деп үйленбейді": Танымал әнші Еркеш Хасен жеке өмірі жайлы алғаш рет айтты
ашық дереккөзден

Танымал әнші Еркеш Хасен әлеуметтік желідегі парақшасында өзіне қатысты тарап жатқан әңгімелерге байланысты мәлімдеме жасап, қызын қорғап сөз сөйледі, деп хабарлайды kznews.kz.

Өнер иесі ұзақ уақыт бойы түрлі қауесет пен жаланы елемей келгенін, алайда бұл жолы кінәсіз қызының аты аталған соң үнсіз қалуды жөн көрмегенін айтты.

"Көптен бері айтылған өтірік сөздерді ішіме жұтып жүрдім. Бірақ бұл жолы кінәсіз баламды араластырғандарыңыз үшін жауап беруге мәжбүрмін. Мен қызымды ешқашан тастаған емеспін және тастамаймын. Соңғы демім қалғанша оған қамқор боламын. Отбасым туралы бөтен адамдармен отырып әңгіме айтпаймын. Қызымды да, оған деген махаббаттан туған әнімді де ешкім тартып ала алмайды", – деп жазды әнші.

Сондай-ақ Еркеш Хасен жеке өмірін көпшілік алдында талқылауды дұрыс санамайтынын атап өтті.

"Ешкім ажырасамын деп үйленбейді. "Ұлың болса, ұрыға күлме" дейді. Кейбіреулер күткендей, журналистерге сұхбат беріп, отбасылық мәселемді жария талқыға салғым келмейді. Бірге өткізген жақсы күндерімізді ел алдына шығарып, әңгіме қылмаймын. Арамызда болған жайттарды әуелі Алла, сосын өзіміз ғана білеміз. Осы тақырыпты осы жерден тоқтатайық", – деді ол.

Автор
Қайсар Қанат

Журналист. Блогер. Фрилансер