Қазақстанның облыс әкімдерінің рейтингі жарияланды: көш басында кім тұр?
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Ескендір Хасенғалиевтің әйелі Дарико көптен бері алғаш рет ел алдына шықты (ВИДЕО)

Ескендір Хасенғалиевтің әйелі Дарико көптен бері алғаш рет ел алдына шықты (ВИДЕО)
ашық дереккөзден

Қазақ музыка өнерінің аңызы Ескендір Хасенғалиевтің өмірлік жары Дарико апай ел алдына шығып, көпшіліктің ықыласына бөленді. Бұл туралы продюсер Альбина Қапсәлім әлеуметтік желідегі парақшасында жазды, деп хабарлайды kznews.kz.

Альбина Қапсәлімнің айтуынша, Жаңа жыл қарсаңында олар "Ескірмеген махаббат" әнімен ел жадында қалған, шынайы сезімнің символына айналған Ескендір Хасенғалиевтің музасы, өмірлік серігі Дарико апайдың үйіне арнайы барып, амандасып, ақ батасын алған.

"Ескірмеген махаббат әнін білмейтін қазақ жоқ шығар... Өйткені шынайы махаббат ешқашан ескірмейд – жылдар өткен сайын тереңдеп, бекіп, мағынасы арта береді. Нәзік сезім мен ғашықтықтың символына айналған, Ескендір Хасанғалиев атамыздың музасы, өмірлік жары болған Дарико апайымызды жаңа жылымен құттықтап, арнайы амандасып, батасын алып қайттық. Дарико апай-сабыр мен сұлулықтың, нәзіктік пен парасаттың үйлескен көрінісі. Нағыз "әйелдік сұлулықтың эталоны" деген ұғымды тірі бейнемен дәлелдейтін асыл жан. Осындай аналардың батасы-ұрпаққа аманат, жүрекке жарық", – деп жазды Альбина Қапсәлім.

Автор
Қайсар Қанат

Журналист. Блогер. Фрилансер