KZNEWS.KZ
Жаңалықтар

“Есін жоғалтқан, жақындарын танымайды”: 25 жасар бортсерік Кувейтте жансақтау бөлімінде жатыр

• Айжан Сыланова
Фото: Instagram/kazpress

Непалдан ұшып келген 25 жастағы қазақстандық стюардессаның Кувейтте денсаулығы күрт нашарлап, жансақтау бөліміне түскені белгілі болды. Жас бортсерік кейін жақындарын танымай, айналасында болып жатқан жағдайды түсінбей қалған. Оны ауруханаға қайта жатқызуға қазақстандық дипломаттар көмектескен, деп хабарлайды kznews.kz.

Алғашында екі күн жансақтау бөлімінде ем қабылдаған бортсеріктің жағдайы біршама жақсарған. Алайда бірнеше күннен кейін оның денсаулығы қайта күрт нашарлап, жақындарын танымай, айналасында не болып жатқанын түсінбейтін күйге түскен.

Осыдан кейін Қазақстан дипломаттары жағдайға араласып, отандасымызды Кувейттегі медициналық мекемеге қайта жатқызуға жәрдемдескен. Қазіргі уақытта дәрігерлер бірнеше ықтимал диагнозды қарастырып жатыр. Дегенмен дерттің нақты себебі әзірге анықталған жоқ.

Қазақстан Сыртқы істер министрлігінің хабарлауынша, қазақстандық азаматша дәрігерлердің бақылауында. Оның жағдайы министрліктің назарында.

Айжан Сыланова
2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.
Автордың басқа материалдары →