KZNEWS.KZ
Аймақ

«Ешқандай тапсырма берілген жоқ»: Абай облысының әкімдігі даулы видеоға қатысты мәлімдеме жасады

• Асқар Алтайұлы
Фото: Абай облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Осыған байланысты Абай облысы әкімінің баспасөз хатшысы Азамат Қасым ресми түсініктеме беріп, аталған видеоның әкімдікке ешқандай қатысы жоқ екенін мәлімдеді, деп хабарлайды kznews.kz.

Баспасөз хатшысының айтуынша, бейнежазба 2026 жылғы 25 қараша күні кешкі уақытта Instagram және TikTok әлеуметтік желілерінде жарияланған. Видео белгілі болған бойда оны әлеуметтік желілерден дереу өшіру талап етілген.

Нәтижесінде асабалар бейнежазбаны өз парақшаларынан алып тастаған. Алайда осы аралықта видеоның көшірмелері жасалып, WhatsApp мессенджері мен өзге де ақпараттық арналар арқылы тарап үлгерген.

Азамат Қасым аталған бейнежазбаның облыс әкімдігіне ғана емес, оның құрылымдық бөлімшелеріне және өңірдегі мәдениет мекемелеріне де ешқандай қатысы жоқ екенін атап өтті. Сондай-ақ видео авторлары мемлекеттік органдардың немесе мәдениет ұйымдарының қызметкерлері емес екенін жеткізді.

– Бейнежазба жеке бастамамен әзірленіп, жарияланған. Облыс әкімдігі тарапынан мұндай мазмұндағы материалды түсіруге немесе таратуға ешқандай тапсырма берілген жоқ, – деді Абай облысы әкімінің баспасөз хатшысы.

Сонымен қатар әкімдік өкілі мемлекеттік органдардың, өңірлік мекемелер мен ресми тұлғалардың атын немесе беделін жекелеген азаматтардың бастамаларымен байланыстыру кезінде ақпараттың анықтығы мен шынайылығы сақталуға тиіс екенін атап өтті.

Осыған байланысты Азамат Қасым бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері мен әлеуметтік желі қолданушыларынан ақпарат тарату барысында оқиғаның нақты мән-жайын ескеруді, расталмаған мәліметтер мен жаңсақ пайымдарға жол бермеуді сұрады.

Асқар Алтайұлы
Kznews.kz сайтының Бас редакторы. ҚазҰУ Журналистика факультетінің түлегі. Медиаменеджер. БАҚ саласында 22 жылдық тәжірибесі бар. Кәсіби блогер.
Автордың басқа материалдары →