Серік Сәпиев пен Дәурен Есімханов қызметінен өз еркімен кетті
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

«Есесіне шетелдікке күйеуге шықпады»: Жан Ахмадиев отбасылы еркектен екіқабат боп қалған әпкесін мақтады

«Есесіне шетелдікке күйеуге шықпады»: Жан Ахмадиев отбасылы еркектен екіқабат боп қалған әпкесін мақтады
Фото: dixinews.kz

Желі жұлдызы қазақ қыздарының шетелдіктерге тұрмысқа шығуына қатысты Qazaq Airan арнасына пікірі білдірген.

  «Менің әпкеме шетелдіктер тұрмыс құруға ұсыныс жасаған. Ол шетелдікке күйеуге тимеді. Бірақ отбасы бар қазақ жігіттен екіқабат болып, қазақ қыз туды. Ол қыз қазақ болып қалады. Көрдіңіз ғой, қандай намыс, біздің қазақтың қанын былғағысы келмеді. Әйтпесе шетелдікке шығып, мүмкін бақытты болып кетер ме еді. Шетелдіктерге намысы жоқ қыздар тиіп жатыр деп ойлаймын. Бастысы қазақ қой. Өйткені шетелге тиген қыздың баласы ешқашан қазақ болмайды», – деді рэпер.

Желі қолданушылары блогердің пікірін сынға алды. 

«Қашаннан бері отбасылы еркектен бала туу абырой болған», «Отбасылы еркектен бала тапқаны үшін мақтану қашан «ел намысы» деген ұғымның категориясына кіріп кеткен, соны айтыңдаршы?», «Әпкесін ыңғайсыз жағдайға қалдырды», «Оның сөзі бар қазаққа үлгі не мысал емес қой», – деп жазды көпшілік.  

Автор
Айжан Сыланова

2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.