Ертіс ауданының полициясына арызданған әйел 30 жастағы аудан тұрғыны мас күйінде кәмелетке толмаған қызының атына әдепсіз тіл тигізгеніне шағымданған, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.
"Учаскелік полиция инспекторы ер адамға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабы бойынша әкімшілік іс қозғады, материал сотқа жіберілді", - деді Ертіс аудандық полиция бөлімі бастығының бірінші орынбасары Серік Үсенов.
Сотта ер адам өз кінәсін толық мойындады. Сот қаулысымен ер адам ұсақ бұзақылық жасағаны үшін 5 тәулік мерзімге әкімшілік қамауға алу түрінде әкімшілік жазаға тартылды.