KZNEWS.KZ
Аймақ

Қызылорда облысына жаңа әкім сайланатыны белгілі болды

• Айжан Сыланова
Фото: Tengrinews.kz / Турар Казангапов

Қызылорда облысында жақын арада жаңа әкім тағайындалуы мүмкін. Осыған байланысты облыстық мәслихат депутаттарының арнайы жиналысы өтеді, деп хабарлайды kznews.kz.

Тиісті ақпарат Қызылорда облыстық мәслихаты аппараты сайтында жарияланған. Жиналыс 8 мамыр күні таңғы сағат 09:00-де Қызылорда қаласында өтеді.

Хабарламада айтылғандай, жиын Қазақстан Президентінің №912 Жарлығына сәйкес ұйымдастырылып отыр. Депутаттар Қызылорда облысы әкімінің кандидатурасына келісім беру мәселесін қарайды.

Айта кетейік, Нұрлыбек Нәлібаев 2022 жылдың сәуірінен бері Қызылорда облысының әкімі қызметін атқарған. 6 мамыр күні ол Қазақстан Премьер-министрінің бірінші орынбасары болып тағайындалды.

Айжан Сыланова
2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.
Автордың басқа материалдары →