Серік Сәпиев пен Дәурен Есімханов қызметінен өз еркімен кетті
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Ерлан Сайыров: Мәдениет қайраткерлері – ұлттық код пен руханияттың сақшылары

Ерлан Сайыров: Мәдениет қайраткерлері – ұлттық код пен руханияттың сақшылары
Фото: Ашық дереккөзден

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі Ерлан Сайыров Мемлекет басшысының Жолдауына орай заманауи мәдениет қайраткерлерінің қоғамдағы рөліне қатысты пікір білдірді.

«Мәдениет қайраткерлері – ұлттың ұйысуы мен дамуының эталоны. Жаһандану заманында олар ұлттық кодтың шырақшылары деп айтуға болады», – деді депутат.

Оның айтуынша, қазіргі геосаяси жағдай құбылып тұрған кезеңде мәдениет қайраткерлері тек өнерде ғана емес, қоғамды топтастыруда да ерекше рөл атқаруы тиіс.

«Олардың мәдени туындыларды заманауи тенденцияға сәйкес жасауы, цифрлық технологияларды тиімді пайдалануы маңызды. Бірақ ең бастысы – ұлттық шаңырақтың шырақшысы болу. Бұл қағидат ешқашан ұмытылмауы керек», – деді Ерлан Сайыров.

Мәжіліс депутатының пікірінше, Мемлекет басшысы Жолдауында айтылған рухани-мәдени саясаттың негізгі өзегі – ұлттық бірегейлікті сақтау, оны заманауи өркениет өрісінде дамыту. Бұл тұрғыда мәдениет майталмандары халықтың рухын көтеріп, жас ұрпақты тәрбиелеуде, елдің беделін әлемге танытуда ерекше миссия атқарады.

Автор
Азамат Қойшығара

М.Х.Дулати атындағы ТарМУ түлегі. Журналистика саласында 16 жылдан бері еңбек етіп келеді. Аймақтық, салалық, республикалық басылымдарда, интернет-порталдарда түрлі қызметтер атқарған. 2025 жылдан бері - kznews.kz сайтының тілшісі.