Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары Ерлан Қарин Астанадағы Ұлттық кітапханада орналасқан №129 сайлау учаскесіне келіп, дауыс берді.
Дауыс бергеннен кейін Ерлан Қарин журналистердің сұрақтарына жауап берді. Ол партиялық тізім бойынша Құрылтай депутаты болу мүмкіндігіне қатысты да пікір білдірді.
Қарин өзіне депутаттық мандат бұйыратыны немесе бұйырмайтыны туралы болжам жасамайтынын, барлығы сайлау қорытындысына байланысты екенін атап өтті.