Түркия президенті Режеп Тайип Ердоған Түркістанға сапары кезінде кортежін күтпеген жерден тоқтатып, жол бойында қарсы алған тұрғындармен амандасты. Бұл сәт әлеуметтік желілерде кең тарап, көпшіліктің жылы ықыласына ие болды, деп хабарлайды kznews.kz.
Түркі мемлекеттері ұйымының бейресми саммиті аясында келген Түркия басшысы көліктен түспей-ақ халықпен тілдесіп, суретке түскен. Облыс әкімдігінің баспасөз қызметі жариялаған видеода Ердоғанның тұрғындарға ерекше ілтипат танытқаны байқалады.
Желі қолданушылары Түркия президентінің қарапайым халықпен ашық қарым-қатынасын жоғары бағалап, оның бұл әрекетін құрмет белгісі ретінде қабылдады.