«Нәтиже болмаса қоштасамыз»: Бектенов Kazakh Tourism басшысына ескерту жасады
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Ердоған «Ислам мемлекеті» террорлық ұйымының көзін жояды

Ердоған «Ислам мемлекеті» террорлық ұйымының көзін жояды

АҚШ президенті Дональд Трамп: «Режеп Тайып Ердоған «Ислам мемлекеті» террорлық ұйымының көзін жояды» - деп мәлімдеді.

Дональд Трамп өзінің «Twitter» парақшасына: «Түркия президенті Ердоған маған Сүрияда қалған «Ислам мемлекеті» террорлық ұйымының қалдықтарын толығымен жоятынын айтты. Ол бұны істей алатын адам. Оның үстіне Түркия Сүрияға көрші отырған мемлекет. Ал, біздің сарбаздарымыз елге оралады» - деп жазды.

Естеріңізге салайық, 19 желтоқсан күні Дональд Трамп Сүриядан АҚШ әскерін шығаратынын мәлімдеген. Оның бұл шешіміне АҚШ одақтастары мен Пентагон басшысы Жеймс Мэттис келіспейтіндігін айтқан. Бірақ Трамп өз шешімінде қалған.

"The Qazaq Times"

Автор
Жандос