Ер адам өзіне шабуылдаған жыртқышты жалаңаш қолымен лақтырып жіберген
6 ақпан, 2019
Ер адам өзіне шабуылдаған жыртқышты жалаңаш қолымен лақтырып жіберген
Американың Колорадо штатында жүгіріп келе жатқан ер адамға жыртқыш пума шабуыл жасаған.
Оқиға паркте болған. Жас пума ер адамның соңынан жүріп отырып, шабуылға көшіп, білегіне жабысып алған. Ер адам екінші қолымен жерден тас алып, жыртқышты ұрған. Содан кейін мойнынан ұстап жерге бір соққан. Содан кейін пуманың арқасына мініп, тұншықтырған. Кейін өзі ауруханаға келген. Жануарларды қорғау қызметі өлі пуманы алып кеткен.