"АвтоЦОНдағы" жемқорлық: мемлекеттік корпорацияның мұнысы несі?
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Димаштың бразилиялық жанкүйері өз қолымен тоқыған жемпірді жолдап жіберген

Димаштың бразилиялық жанкүйері өз қолымен тоқыған жемпірді жолдап жіберген

2018 жылғы 27 желтоқсан 22:25 192

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Әнші Димаш Құдайбергеннің жанкүйерлері әлемнің әр түкпірінен сәлемдеме жолдап жатыр. Бразилиялық жанкүйер нота бейнеленген жемпір тоқып, жолдап жіберген, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Димаш Құдайбергеннің отбасы Жаңа жыл мерекесі қарсаңында әлемнің әр түкпірінен келген сәлемдемелерді қабылдап жатыр. Жанкүйерлердің бірі өз қолымен жемпір тоқып, қазақ тілінде лебізін білдірген.

"Димаш, қарапайым сыйлық, мен оны өзім жасадым. Бұл тоқыма. Мұны мен махаббатыммен, сүйіспеншілігіммен жасадым", - деп жазулы тұр сәлемдемеде.

Сонымен қатар, Аяз ата мүсіні мен Димаш Құдайберген бейнеленген табақ фантоптан келген. Жанкүйерлер табақ жиегіне өз суреттерін салып жіберген. Аяз атаның аман-есен мекенжай бойынша жеткенін әншінің әжесі Миуа Низамутдинова әлеуметтік желідегі парақшасы арқылы хабарлады.

«Димаштың жанкүйерлеріне алғысымыз шексіз. Сыйлықтарыңызды алдық. 2019 жыл - бақыт жылы болсын!» деп жазды әншінің әжесі.

Дереккөз: https://www.inform.kz/kz
Автор
Санжар