"Ұлттық қор – балаларға": әр балаға 130,71 доллар аударылды
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Ер адам өзін 22 жерінен пышақтаған әйелін кешірді

Ер адам өзін 22 жерінен пышақтаған әйелін кешірді

Солтүстік Линкольншир тұрғыны өзін 22 жерінен пышақтаған әйеліне кешірім берді.

Джоанна мен Кевин Синглтонның некелескеніне 25 жыл болды. Денелеріне "Мәңгілік" деген жазуы бар татуировка салдырып, сырт көзге мінсіз жұп болып көрінетін.

2020 жылдың қыркүйек айында Джоанна күйеуі опасыздық жасады деп күдіктенеді. Таңертең кеудесі мен арқа тұсынан пышақпен жарақаттайды. Синглтон қашып бара жатқан жерінен қанға аяғы тайып, құлап түседі.

Қайғылы оқиғадан соң ер адам бірнеше апта ауруханада жатып, таңғажайыптың күшімен аман қалады.

"Ол күнде ұмыта алар емеспін. Бірақ оны кешіре аламын", — деді ол сотта. 

Әйелі де қарым-қатынастары әрі қарай жалғасын табады деген үмітте.

Қылмыскер 6 жыл 8 айға темір торға жабылды. Анасының айтуымен пышақты тығып қойған ұлы Фокске шартты мерзім тағайындалды.

Автор
Нұрсұлтан