Халықты жұмыспен қамту қағаз жүзінде ғана ма?
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

“Енемнің аяғын жуғым келеді”: Қазақстандық актрисаның мәлімдемесі талқыға түсті

“Енемнің аяғын жуғым келеді”: Қазақстандық актрисаның мәлімдемесі талқыға түсті
Фото: видеодан скриншот

Ғабит Мүсрепов атындағы театрдың актрисасы Динара Нұрболат «LEP podcast» бағдарламасына қатысып, жеке өміріне қатысты ойларымен бөлісті. Актрисаның бұл сұхбаты әлеуметтік желіде кеңінен талқыланып жатыр, деп хабарлайды kznews.kz skifnews.kz сайтына сілтеме жасап.

Сұхбат барысында ол анасына көрсете алмаған мейірім мен құрметті енесіне арнағысы келетінін айтты.

«Енемнің аяғын жуып, батасын алсам деймін. Себебі анамның аяғын жиі жуа алмадым, тек өзім шомылдырдым. Анама арнаймын деп ойлаған барлық жақсылығымды енеме жасағым келеді», – деді ол.

Актрисаның бұл пікірі желі қолданушылары арасында әртүрлі реакция тудырды. Кейбірі оның сөзін қолдаса, енді біреулері түсінбеушілік танытты.

Пікірлер арасында: «Ене келініміз осындай болсын демей, қызымыз сендей болсын деп тілейік», «артық мақтанның қажеті жоқ», «осындай келіннен айналып кетесің», «барлық келін осындай болса ғой» деген жазбалар жиі кездеседі.

Автор
Айжан Сыланова

2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.