KZNews.kz
Қоғам

Енді Қазақстанда әріптесіне «қырындағандар» заң бойынша жазаланады

Торғын Абушахман

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі ашық-нормативтік құжаттар порталына жаңа құжат жүктеді. Ол - «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне еңбек заңнамасын жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы бойынша реттеуші саясаттың консультативтік құжаты, деп жазады Azattyq Rýhy.

Бұған сәйкес, енді Қазақстанда жұмыста жыныстық қудаулау жасаған адамдар жазаланады.

Дереккөзге сүйенсек, қазіргі кодексте жыныстық қудалаудың құқықтық анықтамасы, олардың белгілері, шағым беру процедуралары және қорғау шаралары жоқ. Бұл жұмысшыларды жұмыс орнындағы зорлық-зомбылықтан қорғау мүмкіндігін азайтады.

Торғын Абушахман
Торғын Абушахман – Kznews.kz сайтының тілшісі. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі, республикалық порталдарда жұмыс тәжірибесі бар журналист.
Автордың басқа материалдары →