Аякөз ауданы әкімдігі: Айғыз ауылының ауыз су мәселесі тамызға дейін шешіледі
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

"Енді махаббатым қанат болсын": Актриса Жанаргүл Жаныаманова марқұм ұлына жазба арнады

"Енді махаббатым қанат болсын": Актриса Жанаргүл Жаныаманова марқұм ұлына жазба арнады
фото: ашық дереккөз

Актриса Жанаргүл Жаныаманова өмірден өткен ұлына арнап жүрек тебірентерлік жазба арнады, деп хабарлайды kznews.kz.

Өнер иесі әлеуметтік желідегі парақшасында жазба жариялап, аналық сағынышы мен махаббатын жеткізіп, перзентіне деген сезімін әсерлі сөздермен білдірді.

“Енді менің махаббатым саған бұғау емес, қанат болсын”, – деп жазды актриса.

Еске салайық, 1 маусымда көпшілікке “Келінжан” телесериалындағы “Қылышбек” рөлі арқылы танылған актер Рүстем мен Жанаргүл Жаныамановалар тұңғыш ұлынан айырылып қалғаны хабарланған еді. Өнер иелері тұңғыштарының денсаулығына байланысты бастан өткерген ауыр кезең туралы ашық айтқан еді. 2024 жылы "Қызықты weekend" бағдарламасына берген сұхбатында актер алты жыл бойы ұлының дертімен күрескенін жеткізген.

Оның айтуынша, бұл сынақ отбасының бірлігін бекемдеп, ерлі-зайыптыны бұрынғыдан да жақындата түскен. Қиын сәтте олар бір-біріне тірек болып, баласының саулығы үшін қолдан келгеннің бәрін жасаған.

Ал Жанаргүл Жаныаманова бұл жағдай олардың өмірге, отбасыға және жақындарының қадіріне деген көзқарасын түбегейлі өзгерткенін айтқан.

Автор
Айгерім Асылова

Айгерім Асылова – Kznews.kz сайтының тілшісі. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі, республикалық порталдарда жұмыс тәжірибесі бар журналист.