ка

ЕҢБЕК-БАЙЛЫҚ, КӘСІП-НӘСІП ТУРАЛЫ мақал мәтелдер

17.02.2019 12:36
0
15
ЕҢБЕК-БАЙЛЫҚ ТУРАЛЫ МАҚАЛ МӘТЕЛДЕР, КӘСІП-НӘСІП ТУРАЛЫ МАҚАЛ МӘТЕЛДЕР Мал жисаң қонысын тап, Ас жисаң — ыдысын тап. *** Кәсіп, кәсіп түбі — нәсіп. *** Еңбегі аздың өнбегі аз. *** Жатқанға жан жуымас, Жалқауға мал құралмас. *** Ерді еңбек жеткізер. *** Ердің атың еңбек шығарады. *** Еңбегіңнен ел таныр. *** Жылай-жылай жап қазсаң, Күле-күле су ішерсің. *** Еңбегің қатты болса, Татқаның тәтті болар. *** Жаңбырменен жер көгерер, Еңбекпенен ел көгерер. *** Байлықтың атасы — еңбек, анасы - жер. *** Ісі кенеулінің — есімі елеулі. *** Қайратың бар да мал тап. *** Жан қиналмай жұмыс бітпес, Талап қылмай мұратқа жетпес. *** Жақсы жұмыс - жанға тыныс. *** Ырыс алды - ынтымақ. *** Еңбек ет те міндет ет. *** Жұмысы бардың Жүйкесі тыныш. *** Еңбек еткен емеді, Еңбексіз не өнеді. *** Қолынан келген қонышынан басады. *** Көрнекті іс көмілмейді. Еңбек етсең — емерсің, Ерінбесең — жеңерсің. *** Не ексең соны орасың. *** Біткен іске сыншы көп. *** Істің басы байлы болса, Аяғы сайлы болады. *** Біткен істің міні жоқ, Бітірген ердің кемі жоқ. *** Ерте тұрған еркектің ырысы артық, Ерте тұрған әйелдің бір ісі артық. *** Әлің бар да еңбек ет, Еңкейгенде емерсің. *** Тере берсе тезек те қызық. *** Алтын шыққан жерді белден қаз. *** Темірді қызғанда соқ. *** Іздеген мініскер ағашын табады. *** Шапқан озар, жатқан қалар. *** Қалауын тапса қар жанар. *** Атыңды жүріп тұрғанда қамшыла. *** Сабақты ине сәтімен. *** От жанбағы көріктен. *** Тамшыдан тама берсе, дария болар. *** Еңбегіне қарай өнбегі *** Еңбегі ештің — күні кеш. *** Еңбексіз тапқан мал есепсіз кетеді. *** Еріншек егіншіден, Ерінбеген масақшы озады. *** Арамнан алған түйеден, Адалдан алған ешкі жақсы. *** Қарманған қарап қалмайды. *** Қолы қимылдағанның аузы қимылдайды. *** Қимылдаған қыр асады. *** Керек тастың ауырлығы жоқ. *** Ерте тұрған өкінбес. *** Қашпақ болсаң зымыра. *** Алыстан арбалағанша, Жақыннан дорбала. *** Істегенің еліңе жақсы, Үйренгенің өзіне жақсы. *** Шоқ қайдан болса, Жылу содан. *** Ерінбеген етікші болады. *** Жігіттің түсін айтпа, ісін айт. *** Михнат болмай, рақат болмас. *** Қайраты бар кісінің, берекеті бар ісінің, Қайраты жоқ кісінің, берекеті жоқ ісінің. *** Алғыр жігіт ақылына қарай іс қылар, Олақ жігіт оңай жұмысты күш қылар. *** Түсі келіспей, ісі келіспес. *** Ерте шықсаң, алдыңнан күн шығады, Кеш шықсаң, алдыңнан түн шығады. *** Рақаттың түбі кеңіс, Еңбектің түбі жеңіс. *** Қасықтап жинап, Шөміштеп төкпе. *** Киіз кімдікі болса, Білек соныкі. *** Түстік өмірің болса, Кештік мал жыйна. *** Отынды шапқанға жақтыр, Малды тапқанға бақтыр. *** Сөз қуған пәлеге жолығар, Шаруа қуған қазынаға жолығар. *** Қысқа шілдеде қу сақта, Жаз шілдеде су сақта. *** Қырсыққан жігіт мал таппас. *** Адасқан жігіт жол таппас. *** Ебептен себеп, балшықтан мұрат. *** Қазаныңа не салсаң, Шөмішіңе сол ілінер. *** Кезі келсе кетпен шап, Майрылмаса, қайырылсын. *** Колхоз аулы қауымды келеді, Еңбек екпіні дауылды келеді. *** Екпіндінің өзі де екпінді, сөзі де екпінді. *** Шегірткеден қорыққан егін екпес. *** Жер — ырыстың кіндігі. *** Жердің сәні — егін, Ердің сәні - білім. *** Екпей егін бітпес, Үйренбей білім бітпес. *** Берген - алар, еккен - орар. *** Жері байдың елі бай. *** Жер бауыры жазық. *** Ексең егін, ішерсің тегін. *** Көшпелі елдің қоры болғанша, Егінші елдің зоры бол. *** Еңбек ер атандырар. *** Дихан болсаң, қос өгізің тең болсын, Шаруа болсаң, қос етегің кең болсын. *** Жанжалды елге жақын қонба, Оқпанды жерге егін салма. *** Күн күркіресе, жерге абыйыр, Жер иісе, малға абыйыр. *** Құлан дайда семірсе, Сол жерге түгін төгеді. *** Бұлт қайда орнаса, Береке сонда шөгеді. *** Шөбі жоқ деп жерден түңілме, Мал бітпес деп ерден түңілме. *** Тарыға май көптік қылмайды, Күрішке су көптік қылмайды. *** Күріш арқасымен күрмек су ішеді. *** Айыр пішен қасында, Кісені кереге басында. *** Шаруа жазда жазылар, Қыста қысылар. *** Жердің жарлысына Ердің сорлысы қонар. *** Сусыз жердің шөбі арық. *** Орақшының жаманы орақ таңдайды. *** Жасық кісі жасқа тоймас, Пасық кісі ұйқы мен асқа тоймас. *** Жалқауға от басы айшылық жер. *** Ауру өле-өлгенше жаннан дәмелі, Жалқау жан қиналмай малдан дәмелі. *** Еріншектің ертеңі таусылмайды. *** Жалқауға сөз, шабанға таяқ өтпейді. *** Тойғанға бір салса да еңбек. *** Тынымсызды жұмсасаң, Тыңдайсың да тұрасың. *** Еріншектің ісі екі. *** Піскен асқа тік қасық. *** Тартынып үзген шабанның ісі, Өткізіп алған жаманның ісі. *** Тіл алмасқа сөз айтсаң, Адам таппас жауап айтар. *** Айтқызған жаманның ісі, Қамшылатқан шабанның ісі. *** Таз таранғанша, той тарқар. *** Жаман болатын жігіт, шегіншек келер, Кедей болатын жігіт, еріншек келер. *** Айдап салдың малы өспес, Алакелдің жұмысы бітпес. *** Шабан үйрек бұрын ұшар. *** Жалқауға мың сылтау. *** Жалқаудың жаны ұйқыда. *** Еріншектен мізбақпас туады. *** Еріншектің ертеңі бітпес. *** Жалқау жыламсақ келеді. *** Алма піс, аузыма түс. *** Сен салар да мен салар, Атқа жемді кім салар. *** Етік тіге алмаған біз таңдайды. *** Тұр-тұрдан хабар келсе, Ұйқыдан маза кетеді. *** Ауырдың үстімен, жеңілдің астымен. *** Жапа шегіп жай жату, Жасқаншақтың белгісі. Ерте жатып кеш тұру, Еріншектің белгісі. *** Еріншек екпінді болмас. *** Еріншекке бүгіннен ертең оңай. *** Дарақының күлкісі қанбас, Жалқаудың ұйқысы қанбас. *** Бірдің кесірі мыңға тиеді. *** Қыс қысыл, жаз жазыл. *** Кедейге кербездік келіспес. *** Әр кемістікке — бір жетістік. *** Төркінге сенгеннің төбесі тесік. *** Кедейді кесір құртар. *** Сауданың түбі борыш, Шаруаның түбі кеңіс. *** Базарда бәрі бар, Ақшасыз ешкім бермейді. *** Арзанның жілігі татымас. *** Саудада достық жоқ. *** Бал ұстаған бармағын жалайды. *** Жалқау жатып бұйырады. *** Малсызға малға балап ұйқы береді, Арсызға арға балап күлкі береді. *** Еңбексіз жалқау еріншек, Көрінгеннен тілемсек. *** Арсызға алты күн мейрам. *** Жалқау дәлелшіл келеді, Жасқаншақ жыламсақ келеді. *** Еңбек — ердің көркі, Ер — елдің көркі. *** Еңбексіз құраған дәулет, Емсіз жабықсан дертпен тең. *** Тіліңе сүйенбе, күшіңе сүйен, Күшіңе сүйенбе, ісіңе сүйен. *** Құр сөз қоңылтақ етік, Жүрсең аяғыңды қажайды, Отырсаң тобығыңа батады. *** Еңбекке үйренем десең, ерінбе, Өнерге үйренем десең, жерінбе. *** Ер еңбегімен озады, Еріншек езілумен тозады. • *** Еңбексіз ауырса, емі табылмайды, Есалаң жетіссе, теңі табылмайды. *** Кімнің ісі көп болса, Соның күші көп. *** Мың қайғы, бір борышты өтемейді. *** Өгіздің отын оттап, Бұзаудың орнына жатпа. *** Отырам деп, еріншек өлер, Кісіге жақсылық қылам деп, көңілшек өлер. *** Саудың асын ішіп, Аурудың сөзін сөйлейді. *** Ұйқыда ұят жоқ. *** Тек жүрсең тоқ жүресің, Қыдырма болсаң көп жүресің. *** Өтірік сөз өрге баспас. *** Әңгіме бұзау емізер, Бұзау таяқ жегізер. *** Өтірікшінің жаны күйер, Ұрлықшының малы күйер. *** Өсекші ауыз жыбырламай тұрмас. *** Көсеуі қысқаның қолы күйер. *** Жыртық үйді жел табар, Өтірік сөзді шын табар. *** Өткір пышақ қынға қас, Өтірік сөз жанға қас. *** Сөзді сөз түртеді. *** Ауруда шаншу жаман, Сөзде қаңқу жаман. *** Шұбалаң жолдан, Бәлекет тілден. *** Тауды, тасты жел бұзар, Адамзатты сөз бұзар. *** Қолымен қосаяқ соқпайды, Аузымен орақ орады. *** Қотыр қолдан жұғады, Пәле тілден жұғады. *** Ұшқан құстың жолы жоқ, Өтірік сөздің түбі жоқ. *** Сөздің өтірігіне нанба, Қисынына нан. *** Адам тілі тас жарар, Тас жармаса, бас жарар. *** Құрғақ сөз — бас ауыртар, Құрғақ қасық — ауыз жыртар. *** Өтірік айтқаннан өлген артық. *** Жел болмай шөп басы қозғалмас. *** Тілге шешен, күшке мешел. *** Ұялмас бетке, талмас жақ бітеді. *** Тентекті тентек десең, Бөркі қазандай болады. *** Өтірік - ұят, шын — мұят. *** Құр судан май шықпайды, Құр сөзден мән шықпайды. *** Өтірік - қаңбақ, шын — салмақ. *** Адам сөзінен жазады, Сиыр мүйізінен жазады. *** Өтірік екеу, шын төртеу. *** Құлақтан кірген суық сөз, Көңілге барып мұз болар. *** Сүйрендеген жаман тіл, Сүйгеніңнен айырар. *** Еңбек етсең емерсің. *** Есің барда, етек жап. *** Ер қадірін ер білер, Зер қадірін зергер білер. *** Қатты жерге қақ тұрар, Қайратты жерге бақ тұрар *** Еңбек қылсаң ерінбей, Тояды қарның тіленбей.
Пікірлер
(0)
Бұл жерде әлі ештеңе жоқ
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий