"Ұлттық қор – балаларға": әр балаға 130,71 доллар аударылды
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Елордада жоғалған бала Қостанай облысынан табылды 

Елордада жоғалған бала Қостанай облысынан табылды 

Өңірлер

Қысқа сілтеме алу

1 0 0

Тоғыз жасар баланы ата-ана құқығынан айырылған анасы жасырын алып кеткен

НҰР-СҰЛТАН, 3 маусым — Sputnik. Полиция Нұр-Сұлтанда бірнеше күн бұрын жоғалған баланың табылғанын хабарлады.

Тоғыз жасар бала өткен сенбі, 1 маусым күні жоғалып кеткен. Әлеуметтік желілерде баланы белгісіз еркек ертіп әкеткені жайлы хабар тарады.

Бала Қостанай облысындағы Ұзынкөл ауданының Речное елді мекенінен табылды.  

Өңірлік полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, "Құқықтық тәртіп" жедел алдын алу іс-шарасы барысында учаскелік инспектор Асылбек Молдағалиев баламен жүрген бейтаныс әйелді байқап қалған. 

Полицей әйелдің кімге келгенін сұраған. Ол сасып қалып, жауабынан жаңылып, өзін басқа атпен таныстырған. Құжаттарын тексеру кезінде әйел Нұр-Сұлтаннан келген болып шығады, балаға ешқандай құжат көрсете алмаған.

Тағы оқыңыз: "Жусан" операциясы барысында Сириядағы қақтығыс аймағынан 171 бала шығарылды

Полицей ақпараттық жүйе арқылы кәмелетке толмаған бала мен әйелдің деректерін тексеріп, баланың із-түзсіз жоғалғандардың қатарында екенін анықтаған.

Ұлдың анасы ата-ана құғынан айырылғаны және оны заңсыз алып кеткені хабарланды. 

Полицейлер баланы әкесіне – заңды өкіліне қайтарды. 


sputniknews.kz
Автор
Бауыржан