«Қайран менің өз үйім»: қазақтың арманы неге қымбаттап барады?
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Елордада балабақша тәрбиешісінің туберкулезбен ауырғаны анықталды - Қазақстан жаңалықтары

Елордада балабақша тәрбиешісінің туберкулезбен ауырғаны анықталды - Қазақстан жаңалықтары

Нұр-Сұлтанда жеке балабақшада қызметкердің туберкулезбен ауыратыны белгілі болды, деп хабарлайды Stan.kz.

Елорданың денсаулық сақтау департаментінің мәліметінше, тәрбиеші өздігінен емханаға тексерілген. Бірақ жұмыс орнын жасырып қалған. 

"Қызметкер сол күні туберкулезбен емдейтін диспансерге жатқызылды. Балалар туберкулезге қарсы екпе алғандықтан олардың өміріне қауіп жоқ. Бұл екпенің пайдасын көрсетіп отыр", - дейді елоданың денсаулық сақтау департаментінің жетекшісі Садуақас Байғабылов.

Тәрбиеші балабақшада жұмыс істейтінін жасырған. Оны тәрбиеленушілердің ата-анасы айтты. Балабақшаның өзге қызметкерлері тексеруден өтті. Ешкімнен бұл ауру белгісі байқалған жоқ. 


stan.kz
Автор
Арман