KZNews.kz
Саясат

Елорда атауы ресми түрде өзгертілді: Тоқаев Конституцияға өзгерістер енгізу туралы заңға қол қойды

KZNEWS
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Конституцияға өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы заңға қол қойды, деп хабарлайды kznews.kz тілшісі.

"Мемлекет басшысы "Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасының заңына қол қойды", - делінген Ақорданың баспасөз қызметі хабарламасында.

Сондай-ақ президент Қазақстан Республикасының елордасы – Нұр-Сұлтан қаласының атауын Қазақстан Республикасының елордасы – Астана қаласы деп өзгерту туралы" Жарлыққа қол қойды.

"Қазақстан Республикасының əкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. Қазақстан Республикасының елордасы – Нұр-Сұлтан қаласының атауы Қазақстан Республикасының елордасы – Астана қаласы деп өзгертілсін.

2. Осы Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі”, – делінген президент Жарлығында.

Еске салайық, Қаңтар оқиғаларынан кейін мәжіліс депутаттары арасында құрылған "Жаңа Қазақстан" тобы 2 қыркүйекте мәлімдеме жасап, президентті жеті жылға сайлау бастамасын қолдап, Нұр-Сұлтан қаласына Астана атауын қайтаруды ұсынған еді. Ізінше президент Қасым-Жомарт Тоқаев депутаттар тобының астананың бұрынғы Астана атауын қайтару туралы ұсынысымен келіскен.

Бүгін, 16 қыркүйек күні Қазақстан Парламенті Конституцияға жеті жылдық президенттік мерзімге және елорданың атауын Нұр-Сұлтаннан Астанаға өзгертуге қатысты түзетулерді қабылдады.

KZNEWS
Автордың басқа материалдары